Негізгі Жаңалықтар Дүниежүзілік тазалық күніне орай жаппай экологиялық акция өтті

Дүниежүзілік тазалық күніне орай жаппай экологиялық акция өтті

Қаламыздың орталық саябағында Дүниежүзілік тазалық күні аясында ауқымды экологиялық акция өтті. Игі іске мыңдаған қала тұрғыны шығып, қоршаған ортаны тазалауға бір кісідей үлес қосты. Шара барысында аумақ қоқыстан тазартылып, ретке келтірілді. Ерекше атап өтерлігі, қаладағы мектеп ұжымдары мен оқушылары да белсенділік танытып, саябақтағы құстарға арналған жемсалғыштарды жаңартты.

Бұл ауқымды бастаманың басты мақсаты — қоғамды тазалыққа жұмылдырып, экологиялық мәдениетті дамыту. Сонымен қатар, қоршаған ортаны қоқыстан тазартып, тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау.

СНХ: АЛЕКСЕЙ ХАН, "ҚАЗАҚСТАН КОРЕЙЛЕРІНІҢ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ" РҚБ СҚОФ ТӨРАҒАСЫ

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталғалы бері бұл игі іске 120 мыңға жуық солтүстікқазақстандық белсене атсалысты. Жұртшылықтың ортақ күш-жігерінің арқасында өңірде 143 мың тоннадан астам қоқыс шығарылып, 113 мыңнан артық ағаш пен 5 мыңға жуық бұта егілді. Сонымен қатар, табиғи аймақтар мен демалыс орындарын көркейтуге ерекше көңіл бөлініп, жыл басынан бері 70 демалыс аймағы ретке келтірілді.

СНХ: ҒАЛЫМ ӨРКЕШОВ, БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТ МЕКТЕПТЕРІМЕН ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ-СПОРТ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӘДІСКЕРІ

Сондай-ақ, акция аясында орталық саябақта өткен жылғы ағаштарға ілінген құстарға арналған жемсалғыштар жаңартылды. Бұл іс-шараға қала мектептерінен 100-ге жуық ұстаз бен оқушылар белсене қатысты. 

СНХ: ТАТЬЯНА АНЦИБОР, №1 ГИМНАЗИЯ ДИРЕКТОРЫ

Бұл игі бастама дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіліп келеді. Оқушылар өз қолдарымен жасаған жаңа жемсалғыштарды ағаштарға орнатып, табиғатқа деген жанашырлықтарын көрсетеді. 


Бөлісу