Қостанай телеарнасына 35 жыл
Қостанай телеарнасына биыл 35 жыл толып отыр. Осы жылдар ішінде талай буын журналист шыңдалып, талай маңызды оқиға көрерменге жеткізілді. Мерейтой қарсаңында әріптестердің басын қосқан іс- шараға Қызылжардан да журналистер арнайы барды. Мақсат – мерейтоймен құттықтап қана қоймай, өзара тәжірибе алмасу.
Солтүстік Қазақстан облыстық телеарнасының өкілдері алдымен Қостанай телеарнасындағы әріптестерінің қызмет барысымен танысты. Редакцияның жұмыс процесі, жаңалық дайындау, түсірілім мен монтаж барысы көрсетілді. Әріптестер күнделікті жұмыстың ұйымдастырылуы, контент әзірлеу және көрерменге ақпарат жеткізудің жаңа тәсілдері туралы пікір алмасты.
СНХР: ЗАҢҒАР САНАЙ – ҚОСТАНАЙ ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Екі өңірдің ақпарат кеңістігінде қызмет ететін журналистердің мақсаты ортақ – ел мен өңірдегі маңызды жаңалықты жедел әрі сапалы жеткізу. Ал тәжірибе алмасу кәсіби шеберлікті шыңдап, тың идеялардың пайда болуына мүмкіндік береді. Қызылжар мен Қостанай телеарналарының арасындағы шығармашылық байланыс та осы бағыттағы әріптестікті одан әрі нығайтуға жол ашады.
СНХР: БЕЙБІТ НҰРМҰХАНОВ – ҚОСТАНАЙ ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ РЕДАКТОРЫ
Кәсіби кездесуден кейін әріптестер мерекелік кешке жиналды. Салтанатты іс-шарада телеарнаның 35 жылдық тарихы сөз болып, осы жылдар ішінде арнаның дамуына үлес қосқан мамандардың еңбегі ерекше аталып өтті. Бірқатар қызметкер түрлі марапатқа ие болды.
СНХР: АҚЫЛБЕК ШАЯХМЕТОВ – ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ, ҚР ҚҰРМЕТТІ ЖУРНАЛИСІ
Мерейтойлық кеш концерттік бағдарламамен жалғасты. Өнерпаздар ән айтып, би билеп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.