Педагогтер қаржылық білімін жетілдіруде
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ҚР Оқу-ағарту министрлігімен және «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығымен бірлесіп, педагогтердің қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған жобаны жүзеге асырып келеді. Жоба биыл екінші жыл қатарынан іске асырылып, мұғалімдердің қаржылық білімін жетілдіруге мүмкіндік беруде. Бастама педагогтердің қаржы саласындағы білімін арттырып, оны білім алушыларға тиімді жеткізуге бағытталған.
Қаржылық сауаттылық курсы бес күнге, яғни 40 сағатқа жоспарланған. Сабақ барысында педагогтер кредиттеу мен депозиттерден бастап, фишинг, қаржы пирамидалары және алаяқтықтың өзге де түрлеріне дейінгі маңызды тақырыптарды меңгереді. Оқу бағдарламасы мұғалімдердің алған білімін күнделікті өмірде ғана емес, оқу-тәрбие процесінде де қолдануына мүмкіндік береді.
ЛЕЙЛА АЛМАҒАМБЕТОВА, «ӨРЛЕУ» ҰБАО» АҚ СҚОФ ДИРЕКТОРЫ
Ұлттық банк филиалдарының 100-ден астам қызметкері арнайы оқытудан өтіп, сертификат алды. Бүгінде олар педагогтерге қазақ және орыс тілдерінде қаржылық сауаттылық бойынша сабақ береді. Өткен оқу жылында Солтүстік Қазақстан филиалының қызметкерлері 301 педагогті оқытты. Оның 194-і – ауылдық елді мекендердегі «Жаһандық құзыреттер» және «Кәсіпкерлік негіздері» пәндерінің мұғалімдері.
ДИАС МЭЛС, “ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ” РММ СҚФ ДИРЕКТОРЫ
ЗКТ: Педагогтер алған білімдерін оқу процесінде қолданып, оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттыра алады. Бұл бастама жастардың қаржыны жоспарлау және тиімді басқару дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Қоса кетейік, екінші жартыжылдықта тағы 164 ұстазды қамту жоспарланған.