Қасым-Жомарт Тоқаев: «Таза Қазақстан» – жарқын болашағымыздың кепілі
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы іс-шарада сөйлеген сөзінде «Таза Қазақстан» – жарқын болашағымыздың кепілі. Бұл – жай ғана ұран емес, бұл – шын мәнінде, еліміздің тазалығы өркениетті болашаққа апаратын даңғыл жол», деген болатын. Президент сөзінше жыл басынан бері еліміз бойынша 600-ден астам түрлі экологиялық іс-шара өтті. Осы маңызды жұмысқа 7 миллион адам қатысты, 130 мыңнан астам гектар жер тазартылды. Елімізде 1,3 миллион тал егілді. Бүл игі дәстүр алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.
ЖАНГЕЛДІ ТӘЖИН, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ