Өңірде «Қауіпсіз дөңгелек» байқауы өтті. Оған облыстың жас инспекторлары қатысты. Полицейлер мен ұстаздар өңірдегі жас қозғалыс инспекторларының үздік жасағын таңдады.


Облыстың түкпір-түкпірінен жол қозғалысы ережелерінің жас білгірлері Петропавлдағы Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатында жиналды. Оқушылар саптық дайындықты және реттеушінің сигналдарын білу, велосипедті мәнерлеп жүргізу дағдыларын көрсетті.


АЗАМАТ ЖАМҰҚОВ, СҚО ПД ЖПҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕ ТАПСЫРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

- Біздің мақсатымыз балалардың қатысуымен болатын жол апаттарына жол бермеу, алдын алу. Сіздер біздің көмекшілеріміз, жолдардағы балалардың қауіпсіз мінез-құлқын насихаттау бойынша жұмыстарыңыз олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға көмектеседі. Мүмкін сіздердің араларыңызда болашақ тәртіп сақшылары бар шығар.


Екінші және үшінші орынды М. Жұмабаев ауданынан келген және Петропавлдағы С.Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназиясының жасақтары иеленді. Тимирязев ауданының жасағы үздік деп танылды.


АРТУР РУДИЙ, ДОКУЧАЕВ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ 6-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ:

- Тимириязев ауданының Докучаев ауылынан келіп отырмыз. Биыл бірінші жыл қатысып, бірінші орынды иелендік. Көп күш салып, барынша тырыстық. Менің ойымша, велосипедпен жүрген сайыс қиындау болды. Қателіктер болды, бірақ бәрібір жеңіске қол жеткіздік.


«Қауіпсіз дөңгелек» акциясының жазғы демалыс қарсаңында өткізілетіні бекер емес — бұл барлық балалар мен олардың ата-аналарына жол қозғалысы ережелерінің талаптарын білу және қатаң орындау қажеттігін еске салудың тағы бір тәсілі, - дейді полицейлер.