Мұз қалыптасу кезеңіндегі су жағалауындағы қауіпсіздік
Күзгі кезеңдегі және су айдындарында мұз қату кезіндегі қауіпсіздік шаралары Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте сөз болды. Шомылу маусымы 31 тамызда аяқталғанымен, судағы төтенше жағдайлардың қаупі әлі де жоғары. Сондықтан құтқарушылар балалардың, балықшылар мен аңшылардың қауіпсіздігіне баса назар аударып отыр.
Күн суығанда сырттай берік көрінгенімен, әлі қатпаған жұқа мұз басты қауіпке айналады. Тіпті тұрақты суық ауа райының өзі мұздың толық қауіпсіздігіне кепіл бола алмайды. Әсіресе ағысы қатты, қамыс өскен, сондай-ақ өзендер түйісетін аумақтар өте қауіпті. Жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары жүйелі түрде рейдтер мен бақылау жүргізіп, халыққа қауіпсіздік ережелерін түсіндіруде. Бақылау жұмыстарына бейнекамерасы мен дауыс зорайтқышы бар ұшқышсыз ұшу аппараттары да тартылған.
СНХ: АБЫЛАЙХАН ЖАҚСЫЛЫҚ - ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫ ЖОЮ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНЖЕНЕРІ