М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде экохаб ашылды
Қоршаған ортаны қорғау – жарқын болашаққа бастар маңызды қадам. Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде экологиялық бастамаларды қолдауға бағытталған Экохабтың салтанатты ашылуы өтті. Жаңа орталық жастардың тың идеяларын жүзеге асырып, табиғатты қорғауға арналған жобаларды дамытуға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Экохаб – экологиялық білім беруді, студенттердің ғылыми зерттеулерін және пластик қалдықтарымен практикалық жұмысты біріктіретін оқу-тәжірибелік кеңістік. Мұнда студенттер қоршаған ортаның ластану мәселелерін зерттеп қана қоймай, қалдықтарды өңдеу тәсілдерін меңгеріп, өздерінің экологиялық жобаларын әзірлейді және ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған шешімдер ұсына алады.
ӘЛІШЕР БОЛАТ, М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚУ ГЕОГРАФИЯ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫНЫҢ МАГИСТРАНТЫ
Экохаб университеттің «3.2.1 Старт» республикалық жобасына қатысуы нәтижесінде 5 миллион теңгеге жабдықтармен толықты. Қаражатқа пластик қалдықтарын қайта өңдеуге арналған құрылғылар сатып алынып, студенттерге экологиялық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік жасалды.
ПЕТР ШАРАПАЕВ, «РАДУГА» ЖШС ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
Экохабтың ашылуы білім ордасында тәжірибеге бағытталған экологиялық білім беруді дамытудағы тағы бір маңызды қадам болды. Бұл бастама «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасымен үндеседі.