СҚО бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы тағайындалды
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы болып Сәкен Қасымов тағайындалды. Жаңа басшыны облыс әкімі таныстырды. 46 жастағы Сәкен Қасымов Қызылорда облысының тумасы. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын және М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетін тәмамдаған. Еңбек жолында Қаржы министрлігінде, сондай-ақ Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарындағы аудит департаменттерінде қызмет атқарған. Бұл тағайындауға дейін Ақтөбе облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментін басқарған.