«Құқықтық баттл»
Заңды күнделікті өмірде қалай қолдануға болады және өз құқықтарыңды білу неліктен маңызды? Бұл сұрақтарға жауапты М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде өткен «Құқықтық баттл» интеллектуалды ойынының қатысушылары іздеді. Іс-шараны облыстық Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды. Студенттер құқықтану саласындағы білімдерін сынап, өмірлік жағдайларды талдап, құқықтық мәселелерді шешу жолдарын қарастырды.
Өз құқықтарын білу, іс-әрекеттерінің салдарын түсіну және заңдарды білу. М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде жастар «Құқықтық баттл» интеллектуалды ойынында өздерінің құқықтық білімдерін сынады. Қатысушылар сұрақтарға жауап беріп, өмірлік жағдайларды талдап, құқықтық шешімдер іздеді.
АНАСТАСИЯ ВОЛКОВА, СҚО ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
Қорытынды кезеңде құқықтық терминдерді білуден гөрі, күрделі ұғымдарды қарапайым тілмен түсіндіру қабілеті сынға түсті. Команда капитандарына құқықтық терминдер жазылған карточкалар берілді. Олар жасырылған сөзді атамай-ақ, оның мағынасын команда мүшелеріне түсіндіруі керек болды.
СНХР: ҚАМЗА ДӘУЛЕТ – М. Қозыбаев атындағы СҚУ студенті
Жеңімпаздар дипломдармен және тәтті сыйлықтармен марапатталды. Жыл басынан бері облыстық Жастар ресурстық орталығы «Заң мен тәртіп» идеологемасы аясында екі жүзден астам іс-шара өткізді.