Негізгі Жаңалықтар Петропавлда цифрлық форматтағы «Отан-2026» әскери-спорттық чемпионаты өтті

Петропавлда цифрлық форматтағы «Отан-2026» әскери-спорттық чемпионаты өтті

Ел болашағы – білімді әрі отаншыл жастардың қолында. Петропавлда жастардың көшбасшылық қабілеті мен отаншылдық рухын шыңдайтын «ОТАН-2026» әскери-спорттық цифрлық чемпионаты өтті. Заманауи технологиялар мен командалық сайысты тоғыстырған ауқымды бастама өңір жастарының басын қосты.

Солтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында ұйымдастырылған жобаның басты мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында ұжымдық ауызбіршілік пен стратегиялық ойлау қабілетін қалыптастыру. Бастапқы кезеңде «Қызылжар» креативті орталығында қатысушыларды топтарға бөлу және ойын кезегін белгілеу рәсімі өтіп, сайыс шарты түсіндірілді. Кейін қаламыздың «Океан Арена» компьютерлік клубында жалғасын тапқан тартысты бәсеке екі күнге созылды. Сайыстың салтанатты жабылуы мен жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 12 қазанда «Қызылжар» креатив орталығында қорытындылады. «Солтүстік Қазақстан облысының Азаматтық альянсы» қауымдастығы ұйымдастырған айтулы шара жаңа буын көшбасшыларын қалыптастыруда маңызды қадам болмақ.


Бөлісу