Негізгі Жаңалықтар Жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау маңызды

Жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау маңызды

Күн суытқан кезде жер үйлерде пештен шығатын өрт қаупі артады. Бұған көбіне пештің ақауы мен қауіпсіздік ережелерін сақтамау себеп болады. Тағы бір қауіптісі — иіссіз әрі түссіз көміртек тотығы. Оны адам сезе алмайды, бірақ ол өмірге қауіп төндіреді. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін құтқарушылар үйлерді аралап, пештердің жағдайын тексеріп, көміртек тотығын анықтайтын датчиктер орнатуда.  

Пеш үйді жылытатын қарапайым құрал сияқты. Бірақ оны дұрыс пайдаланбаса, үлкен қауіп төндіруі мүмкін. Соның бірі — көміртек тотығы. Ол отын толық жанбаған кезде пайда болады. Ең қауіптісі — оның иісі де, түсі де жоқ. Сондықтан адам оны өздігінен сезе алмайды. Мұндай қауіптің алдын алуда құтқарушылар арнайы датчик орнатуға кеңес береді. 

СНХР: НҰРЛАН БАЯХМЕТОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНЖЕНЕРІ

Бұл — Нина Александровна Тихоновецкаяның үйі. Ол мұнда 40 жылдан бері тұрады. Үйді кезінде өздері салған. Қазір Нина Александровна ұлымен және қамқорлығындағы екі немересімен бірге тұрады. Сондықтан отбасының қауіпсіздігіне ерекше мән береді. Жылыту маусымы басталғанда ол үйіне көміртек тотығын анықтайтын датчик орнатуға келіскен.

СНХР: НИНА ТИХОНОВЕЦКАЯ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Қазір қауіпсіздік шараларын күшейту аса маңызды. Өткен жылғы жылыту маусымында облыста пешке байланысты төрт өрт оқиғасы тіркелген. Ал биылғы маусымда үш өрт болған. 

Бөлісу