Негізгі Жаңалықтар Студенттермен құқықтық сауаттылық мәселелері талқыланды

Студенттермен құқықтық сауаттылық мәселелері талқыланды

Заң мен тәртіп – қауіпсіз қоғам қалыптастырудың негізгі қағидалары. Осы бағытта Петропавл қаласындағы Қызмет көрсету саласы колледжінде студенттермен профилактикалық кездесу өтті. «Сенім аумағы: өмірлік ресурстарды қалыптастыру және жастар арасындағы тәуекелді мінез-құлықтың алдын алу» тақырыбындағы іс-шара республикалық «Заң мен тәртіп» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Тақырыпты тілшіміз тарқатады. 

Кездесудің мақсаты – жастардың психологиялық тұрақтылығын нығайтып, саналы әрі жауапты мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру. Жиында студенттерге құқықтық сауаттылықтың маңызы түсіндіріліп, жеке қауіпсіздік, құндылықтарды қалыптастыру және заң талаптарын сақтау мәселелері талқыланды.

СНХР: ДАМИР ӘБДИН, ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ

Жиын барысында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселесіне де ерекше назар аударылды. Қатысушыларға зорлық-зомбылықтың түрлері, оның құқықтық салдары және мұндай жағдайлардың алдын алу жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар қауіп төнген жағдайда тиісті органдарға жүгінудің маңыздылығы айтылды.

СНХР: ДЕНИС ДЕНИСОВ, СҚО ПД ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК БАСҚАРМАСЫНЫҢ ОТБАСЫЛЫҚ-ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ

Мұндай профилактикалық іс-шаралар қала мектептері мен түрлі оқу орындарында тұрақты түрде өткізіліп келеді. Жыл басынан бері ұйымдастырылған іс-шаралар саны 200-ге жуықтайды. Жастардың құқықтық сауатын арттыруға бағытталған түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да түрлі форматта жалғасын таппақ.

Бөлісу