Негізгі Жаңалықтар Петропавлда сотталған азаматтарға қолдау көрсетілді

Петропавлда сотталған азаматтарға қолдау көрсетілді

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасының «Айқын нәтиже» жобасы аясында Петропавлда дәстүрлі «Құқық векторы» іс-шарасы өтті. Шараның басты мақсаты пробация есебіндегі азаматтарға әлеуметтік-құқықтық жәрдем беріп, олардың қайта қылмыс жасауының алдын алу.

«Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған бұл бастама сотталған азаматтардың қоғамға қайта бейімделуіне жол ашады. Шара аясында облыс орталығының прокуратурасының ерекше бақылауындағы азаматтардың түйткілді мәселелері назарға алынды. Бүгінгі таңда қалалық пробация қызметінде 330-дан астам адам есепте тұрса, соның 200-ге жуығы осы жиынға арнайы шақырылды. Іс-шараға еңбекпен қамту, денсаулық сақтау және білім саласы сияқты 20-дан астам мемлекеттік мекеме өкілдері тартылған.

СНХ: НҰРЖІГІТ ЖҰМАН – ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ БӨЛІМ ПРОКУРОРЫ

Шара барысында тұрғындарға жұмысқа орналасу, отбасылық қолдау көмегін алу және медициналық сақтандыру жүйесі бойынша жан-жақты кеңестер берілді. Сондай-ақ жергілікті полиция мен арнайы бейімдеу орталығының мамандары азаматтардың әлеуметтік сипаттағы сауалдарына тікелей жауап қайтарды.

СНХ: ҚАРЛЫҒАШ ІЛИЯСОВА – «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» СҚО бойынша филиалының бөлім жетекшісі

Мұндай кездесулер пробация есебіндегі жандардың тығырықтан жол табуына, тұрмыстық түйткілдерін шешуіне тікелей ықпал етеді. Жиынға қатысушылардың бірі — Рамазан. Ол өзі сияқты азаматтар үшін мұндай бастамалардың өмірлік маңызы зор екенін айтады.

СНХ: РАМАЗАН – ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЕСЕБІНДЕ ТҰРҒАН АЗАМАТ

Жүйелі түрде ұйымдастырылатын мұндай кешенді шаралар өзінің оң нәтижесін беруде. Статистикаға сүйенсек, пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар тарапынан жасалатын қайталама құқық бұзушылықтар саны өткен жылы 19 , биыл 15-ке дейін төмендеген. 

Бөлісу