Жаз - өрт қауіпінің күшейетін кезеңі. Әсіресе ормандар мен дала алқаптары жиі өртенеді. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің ұйымдастыруымен Қызылжар ауданы Бескөл ауылында орман және дала өрттерін сөндіру бойынша тактикалық оқу-жаттығуы өтті.


 Іс-шараның мақсаты - қызметкерлердің төтенше жағдай кезіндегі дағдыларын жетілдіру. Бұл жиын дала, орман өрттерімен күресетін мекемелердің дайындығын пысықтауда үлкен маңызға ие.


ӘДІЛ СПАЕН, СҚО ТЖД ӨРТ СӨНДІРУ ЖӘНЕ АҚЖ ҰЙЫМДАСТЫРУ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ  :

-  2023 жылдың 30 мамырында Қызылжар ауданының аумағында орман және дала өрті тақырыбына байланысты, өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді. Оған 13-ші өрт сөндіру бөлімі, қалалық өрт сөндіру бөлімдері, жергілікті атқарушы органдар орман шаруашылығы қатысқан болатын.