Өткен жылдың қорытындысына сәйкес елімізде жсөспірімдер қылмысы 13,5 пайызға өсті. Бұдан бөлек кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты жасалатын заңбұзушылық тиылар емес. Мәселен, 2022-ші жылы СҚО-да 18-ге толмағандарға қатысты 67 қылмыстық құқық бұзушылық фактісі тіркелсе, 21 қылмысты жасөспірімдердің өздері жасаған.


 Жасөсіпірімдердің қатысуымен болатын қылмыстардың санын азайту, олардың құқықтарын қорғау мәселелері облыстық әкімдіктің жанындағы арнайы комиссияның жіті назарында. Қоғам белсенділері, білім беру ұйымдарының өкілдері мен ата-аналардан құралған комиссия 18 жасқа толмаған ұл-қыздардың проблемаларын шешу үшін бірқатар іс-шара өткізді. Мәселен, психологтар түрлі психикалық ауытқулары бар немесе әлеуметтік аз қамтылған отбасыларында тәрбиеленіп жатқан балалармен және олардың әке-шешесімен кездесіп, әнгімелесіп, ақыл-кеңестерімен бөліседі.


КҮЛІМКӨЗ СМАЙЫЛОВА, КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

-  Қоғамда ең өзекті мәселе бала тәрбиесін қолға ала аламай тұрмыз. Бүгінгі шарамыз жан тазалығы, рухани қасиеттерін баланың бойына сіңіру. Қазір өтпелі заманда тұрмыз. Егер саналы тұлғалар қсоылып, ой түіп ақылмен бөліссе ұрпақтар сабақтастығын қалай сақатасақ екен, сабаққа көңіл бөлінбей жатыр, жанының тазалығына біздің болашығымздың тікелей байланысы бар.


Майгүл Сейілбек