Саяжайларда өрт қауіпсіздігі бойынша рейдтік іс-шаралар өткізілуде
Саяжайларда өрт қауіпсіздігі бойынша рейідтік іс-шаралар өткізілуде. Тексеру барысында отты пайдалану ережелерінің сақталуы, аумақтың тазалығы мен арнайы техниканың еркін қатынауы қадағаланады. А
Саяжайларда төтенше жағдайлар қызметкерлері аумақтың жай-күйін тексеріп, қауіпсіздік талаптарының сақталуына баса назар аударуда. Мәселен, құрғақ шөп пен қоқысты ғимараттардан кемінде 50 метр қашықтықта ғана өртеуге рұқсат етіледі. Ал кәуап дайындайтын мангалдар мен барбекю құрылдары тез тұтанатын заттар мен баспаналардан ең кемі 10 метр ұзақта орналасуы тиіс. Өрт оқиғаларының алдын алу мақсатында төтенше жағдайлар департаменті мамандары тұрақты түрде рейдтер ұйымдастырып келеді. Олар саяжайшыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, заңбұзушылықтарды анықтайды.
СНХР: АРМАН ӘБІЛКӘРІМ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ ИНЖЕНЕРІ
Өрт қауіпсіздігі ережелері жазылған жадынамалар халыққа ескерту жасаудың бір тәсілі болса, негізгі бақылау алаңда жүзеге асырылады. Мамандар тұрғын үй секторлары мен саяжайларды жаяу аралап, шөп пен қоқыс жағу фактілерін әшкерелейді. Ал ауқымды аумақтарды әуеден бақылау үшін ұшқышсыз ұшу аппараты қолданылады.
СНХР: АРМАН ӘБІЛКӘРІМ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ ИНЖЕНЕРІ
Еске сала кетейік, өткен демалыс күндері Петропавл маңында екі ірі өрт оқиғасы орын алды. Соның бірі Қызылжар ауданының Шаховское ауылында тіркелді. Қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының арғы жағында құрғақ шөп тұтанып, жалын 12 гектар аумаққа жайылған. Тілсіз жауды ауыздықтауға 110 маман мен 31 техника жұмылдырылды. Сонымен қатар, оқиға орнына теміржол мекемесінің өрт сөндіру поезды жіберілді. Екінші оқиға Малое Белое ауылының маңында болды. Мұнда 25 гектар алқапта құрғақ шөп жанып, оның 0,9 гектары төменгі орман өртіне ұласқан. Өртті сөндіруге ТЖД қызметкерлері, «Орман шаруашылығы» мамандары мен жергілікті атқарушы орган өкілдері қатысты. Тілсіз жауды жоюға жалпы алғанда 154 адам мен 58 арнайы техника тартылды.