Петропавлдағы 2- жылу электр орталығында 20-22 мамыр аралығында жаңа түтін мұржасының іргетасын үздіксіз құю жұмыстары жүргізілді. Бұл мақсатқа шамамен 2 мың текше метр бетон қоспасы пайдаланылған.


 Мамандардың айтуынша, іргетас - маңызды құрылым, оны үздіксіз әдіспен құю бүкіл нысанның беріктігін арттырады. Бұл тапсырманы орындау үшін 15 араластырғыш қондырғы пен бетон сорғысы қолданылды. Құрылыс алаңында Петропавл қаласы мердігерлік ұйымының 19 маманы жұмыс істеді. Бетон құйылғаннан кейін гидрооқшаулау жұмыстары жүргізілмек. 28 күн бойы мамандар іргетастың дұрыс кебуін және беріктігін бақылайтын болады. Кейін маусым айында жылжымалы бетон қалыбы орнатылмақ. Содан соң, өскемендік «Қазтеплострой» серіктестігі түтін мұржасын сала бастайды. Мамандардың айтуына қарағанда, мұржа конус тәрізді болады. Диаметрі – 20,52 метр, шыңында 9,2 метр және 180 метрге көтеріледі. Ал №1 түтін мұржасы тек келесі жылдың жазында іске қосылады.