Жерлес ақын, сөз зергері Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орай оқушылар сарайында “Мен жастарға сенемін” поэтикалық кеші өтті. Іс-шараға “Толағай” балалар театрының тәрбиеленушілері қатысты.
5 жыл бұрын ашылған балалар театрында бүгінгі күні 100-ге жуық ұл-қыз тәлім-тәрбие алуда. 1 жыл ішінде жас әртістер 10-ға жуық спектакльге қатысып, түрлі әдеби кештер мен концерттерде өз өнерлерін ортаға салады. Бұл жолы Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орай өнерпаздар жерлес ақынның сондай-ақ өздерінің қаламдарынан шыққан жыр шумақтарын оқыды.