Петропавл қалалық мәслихатының депутаттары кезектен тыс сессиясында қоқыс шығарудың жаңа тарифін бекітті. Облыс орталығында тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және кәдеге жарату тарифі 2018 жылдан бері өзгерген жоқ. Бұл жұмыспен Петропавлда 4 кәсіпорын айналысады.


 «Мюльсервис», «Коммунсевер», «Коммунхоз Петропавловск», «Чистый Петропавловск» кәсіпорындары тарифті көтергеннен кейін арнайы көліктер паркін жаңартуды жоспарлап отыр. Күн сайын олар 100 тоннаға жуық қалдық шығарады. Ал тұрғындардың қоқыс шығаратын компанияларға қарызы 23 млн асып артылады.


ЭЛЬМИРА СӘДУӘҚАСОВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

«- Осы бес жылдың ішінде өсу байқалады. Техника жиі сынып тұрады. Оның барлығын жөндеуге уақыт кетеді. Қаражат кетеді. Сондықтан осындай жағдай болды.»


«Коммун-север» ЖШС 2012 жылдан бері қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару қызметін көрсетіп келеді. 60 мың абонентке қызмет көрсетеді. Кәсіпорын шығынға бытып отыр. Ал тарифтің көтерілуі жұмыстарын жақсартады. Қарыздарын өтеп, техниканы, контейнер паркін және қоқыс алаңдарын қалпына келтірмекші.


МАРАТ ЕСМҰҚАНОВ, «КОММУНСЕВЕР» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

«- Батыр Баян көшесіне келсек, біз бір жыл бұрын бұл көшеден қоқыс шығаруды тоқтаттық. Өйткені тегін қызмет көрсеттік. Биыл тұрғындамен келісімшарт жасасып, контейнерлерді қоюды жоспарлап отырмыз. Бірақ бұл іс тез арада жүзеге асады деп айта алмаймын.»


 Жаңа тариф бойынша көпқабатты үйлерде тұратындар 480 теңге төлесе, ал жекеменшік секторы тұрғындары 510 теңге төлем ақы жасайтын болады. Ол бірінші мамырдан күшіне енеді.