Петропавлда қоғамдық-гуманитарлық бағытта жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушылары арасында республикалық олимпиаданың соңғы республикалық кезеңі басталды. Зияткерлік жарыстың облыстық кезеніне 160-қа жуық оқушы қатысты. Нәтижесінде үздік деп танылған 37 оқушы өңір намысын республикалық кезеңде қорғап жатыр.
Республикалық олимпиада 9 пән бойынша өтіп жатыр. Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатының 11-ші сынып оқушысы Адэля Дулатова өз бағын орыс тілі және әдебиеті пәнінен сынайды. 4 жыл қатарынан зияткерлік жарысқа қатысып жүрген оқушы былтыр республикалық кезеңде 2-ші орынды иеленді. Болашақта бойжеткен өз мамандығын да осы пәнмен байланыстырмақ.
АДЭЛЯ ДУЛАТОВА, ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСУШЫ:
- Осы жылы мен негізі эссеге көп уақыт бөлдім. Анализ стихотварения, анализ текста дегенге көп көңіл бөлдім. Эссе психологиялық, тарихи бағытта жаза аламыз. Бізге притча беріп соның мағынасын талдауымыз керекпіз. Негізі мен соы олимпиададан үлкен нәтиже күтемін. Болашаққа деген фундамент.
Ұйымдастырушылардың сөзінше республикалық кезеңде облыс намысын қорғап жүрген оқушылардың білім деңгейі жылдан жылға артып келеді.Зияткерлік жарысқа қатысып, жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар халықаралық олипиадаларға қатысуға мүмкіндік алады.
ҚУАНЫШ БЕЛГІБАЙ, БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫС ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- Өткен жылмен салыстырғанда бізде 24 оқушы жүлделі орындарға ие болды. 1 алтын, 4 күміс және 19 қола медальға ие болған. Биыл олимпиада 18-1 сәуір аралығында өтеді. Біздің обылстан 37 бала қатысып жатыр, 15 бала ауылдық жерлерден келді.
Олимпиада өтетін орын толықтай камерамен жабдықталған. Яғни жарыс республика бойынша ютуб-арнада онлайн трансляцияланады. Зияткерлік жарыстың қорытындысы сәуірдің 21 белгілі болады.
Майгүл Сейілбек