Петропавылда «халық кеңесі» тобының 3 белсендісі бүгін уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 180-бабы 2-бөлігі бойынша Қазақстан Республикасының біртұтастығы мен тұтастығын ыдыратуды насихаттау немесе оған жария түрде бұқаралық ақпарат құралдарын және телебайланыс желілерін шақырумен материалдарды тарату және Қылмыстық кодекстің 179-бабы бойынша мемлекеттің қауіпсіздігін ыдыратуды үгіттеу бойынша қозғалған. Сепаратизмді насихаттады деген топқа қатысты тергеу әлі аяқталған жоқ.


Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың наурыз айында «халық кеңесінің» жиналысы туралы әлеуметтік желіде видео тараған болатын. Жиналыс барысында олар ҚРның конституциясын мойындамайтындықтарын, өздерінің тәуелсіз екендіктерін айтып, декларациясын қабылдаған. Жиын Солтүстік Қазақстан университеті ғимаратында 19 адамның қатысуымен өткен. Саясаттанушы мен басқа да мамандардың қатысуымен комиссиялық психологиялық-филологиялық сот сараптаманың қорытындыларына сәйкес сепаратизм белгілері анықталды.


ҒАНИ ЖАЛБИ, СҚО ПРОКУРАТУРАСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚУДАЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- Политологтың, басқа да мамандардың қатысуымен көптеген сарапатамалар жүргізілді. Қорытындысы бойынша, сепаратизм және мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді насихаттауға қатысты қылмыс белгілері анықталды. Бұл қылмыс ауыр қылмыстар санатына кіреді. 10 жылға дейін бас бостандығынан айырумен жазаланады.