Облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында жазушы, драматург - Төлен Әбдіктің шығармашылығына арналған кітаптар көрмесінің тұсаукесері өтті. Шара дәстүрлі «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы аясында ұйымдастырылған. Оны тамашалауға ұстаздар мен студенттер қатысты.


Биылғы «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы белгілі драматург, жазушы, қоғам қайраткері - Төлен Әбдіктің шығармашылығына арналған. Мақсат – жазушының ұлттық әдебиетіміздегі үздік туындыларын көпшілікке насихаттау. Қаламгер 1942 жылдың 4 қыркүйегінде Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Еңбек ауылында дүниеге келген. Еліміздің егемендігін бекітіп, тілін, мәдениетін өркендетуге сүбелі үлес қосқан.


ҚАЙЫРЖАН МӘЛІКОВА, С.МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ӘМБЕБАП КІТАПХАНАНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

- Төлен Әбдіковтің шығармашылығына арналған кітап көрмесімен таныстыру мақсатында «Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің» 1 курстағы қазақ тобының студенттерін осы көрмемен таныстыруға шақырып отырмыз. Қазақ әдебиетіне философилық проза жанрын әкелген. Аз жазса да оқырманына өзінің таңдаған тақырыбын жеткізе, жақсы бір ой, сезім қалдыратындай етіп жазады. 


 Іс-шараға колледж студенттері және олардың оқытушылары қатысты. Жиналғандарға жазушының драмалық-психологиялық жанрда жазылған «Оң қол» әңгімесі негізінде түсірілген фильмнен үзінді көрсетілді.


АЙСҰЛУ МЕЙРАМОВА, КӨРМЕГЕ ҚАТЫСУШЫ:

- Бір сыпыра өзімізге ақпарат алдық. Енді балаларды қызығушылықпен кітап оқуға шақырамыз. Әсіресе балалар әсерлі ой алған ол «Оң қол» трейлерінен үзінді қарадық. Содан балалар өте көп әсер алды. Қызығушылықпен оқимыз деп жатыр. 


ДИАС СМАИЛОВ, КӨРМЕГЕ ҚАТЫСУШЫ:

-  Төлен Әбдік жайлы осы кітапханаға келгенде білдім. «Оң қол» жайлы трейлерді мен және ғана көодім. Соған қызығып, енді кітапты оқымақшымын. 


Еске сала кетейік, «Бір ел-бір кітап» акциясы Қазақстанда 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді.