Қазақстан футбол федерациясының қолдауымен Петропавлда алғаш рет балалармен жасөспірімдер арасында футбол фестивалі өтті. Аталған шара УЕФА-ның футбол және әлеуметтік жауапкершілік бағдарламасы аясында ұымдастырылған. Оған облыстың балалар үйлерінің 100-ден астам тәрбиеленушісі қатысты.


Қазақстан футбол федерациясының қолдауымен ұйымдастырылып отырған фестиваль осыған дейін еліміздің Қостанай,Алматы,Тараз,Павлодар қалаларында өтізілген. Бүгін іс-шара Петропавл қаласында өз жалғасын тапты. Спорт мерекесіне 100-ге жуық бала сондай-ақ Қызылжар» футбол орталығының жаттықтырушылары мен «Қызылжар» ФК жастар командасының ойыншылары қатысты.


ЖЕҢІС АСАНОВ, СҚО ФУТБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- «Бұл фестивалдің мақсаты ол бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.Ойын түрінде өткізіледі жаттығулар,осы бүкіл жаттығуларды біздің кәсіби «Қызылжар» футбол клубының жаттықтырушылары өткізіп жатыр.Әрине балаларға өте қызық деп ойлаймын.Және бұл фестивалді әр жыл сайын өткізуге тырысамыз.


Фестиваль барысында балаларға арналған түрлі шеберлік сағаттары ұйымдастырылып, «Қызылжар» футбол орталығының жаттықтырушылары мен «Қызылжар» ФК жастар командасы ойыншыларының қатысуымен көңілді эстафеталар жүргізілді.


НАТАЛЬЯ ГОРЕНКО, ҚАЗАҚСТАН ФУТБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ МЕНЕДЖЕРІ:

 – Биыл УЕФА федерациясынан фестивалді балалар үйінің тәрбиеленушілері арасында өткізу туралы бағдарлама келіп түскен болатын.Жалпы бұл іс-шара Қазақстанда алғаш рет өткізілуде.Ауа райына байланысты еліміздің кейбір қалаларында өткізу мүмкін болмай отыр.Алдағы уақытта фестиваль Өскемен, Қарағанды қалаларында ұйымдастырылады.


Фестивалге қатысушы балалар өздерін кәсіби футболшы ретінде сезініп, алған әсерлерімен бөлісті.


 – Футбол спорты маған қатты ұнайды.Бүгін осындай шарада өнер көрсетуге мүмкіндік беріп отырған ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз.

 –Футболмен бала кезімнен бері айналысып келемін.Жаттықтырушылар көрсеткен шеберлік сағаттары жоғары деңгейде өтуде,барлығы көңілімнен шықты.

 – Фестивал керемет өтіп жатыр.Болашақта кәсіби футболшы болғым келеді.Осындай фестивалдер көп болғанын қалаймыз


 Балалар мен жасөспірімдер арасындағы республикалық футбол фестивалі маусым айына дейін жалғасады.