Бүгін, яғни наурыздың 30-ы күні түскі сағат 1-ден 40 минут кеткенде өрт сөндіру қызметінің «101» телефон нөміріне Халтурин көшесі, 92 мекенжайында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.


Оқиға орнына өрт сөндірушілер 4 минуттың ішінде жетіп, қызыл жалынды 1 сағаттың ішінде ауыздықтады. Тілсіз жаумен күреске 4 техника мен 15 адам жұмылдырылды. Өрт аумағы 80 шаршы метрді құраған. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда оттың шығу себебі анықталып жатыр.


НҰРЛЫБЕК ҚАСЫМОВ, СҚО ТЖД ӨРТ СӨНДІРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕДЕЛ КЕЗЕКШІСІ:

- «Оқиға орнына жеткенде үйдің шатыры қызыл жалынға оранғанын көрдік. Бірден сөндіруге кірістік. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. Оның үстіне өрттің көрші үйге таралуына жол берген жоқпыз. Баспанадағы ас үйден 50 литрлік газ баллоны шығарылды.»