Жыл басынан облыс аумағында 108 өрт тіркелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 16 % -ға аз. Оқыс оқиғаның салдарынан 10 азамат қаза тапты. Тағы 3 адам түрлі дене жарақтын алған. Сонымен қатар 22 адам газдан уланып, 1 адам мерт болды.


 Мамандардың айтуынша, өрт көп жағдайда жеке тұрғын үй секторынан шығады. Оған тұрғындардың қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамауы, электр құрылғыларды және пештерді пайдалану кезінде сақтық шараларын ұстанбауы себеп.


ДМИТРИЙ РАСТИХИН, СҚО ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 – Бүгінгі таңда шыққан өрттің 76 пайызы жеке тұрғын үй секторына тиесілі. Бұл тұрғын үйлер мен түрлі шаруашылық ғимараттары.Сонымен қатар бизнес нысандары да отқа оранды. Негізгі себеп - электр құрылғыларды дұрыс пайдаланбау және де қауіпсіздік шараларын сақтамау.


Биыл облыстық ТЖД мамандары 36 мыңнан астам тұрғын үйді аралап шықты. Қауіпсіздік айлығының барысында 57 мыңнан астам тұрғынға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 50 мыңға жуық жадынама таратылды.


ДМИТРИЙ РАСТИХИН, СҚО ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Ауа райы жылынғанымен тұрғындардың тең жартысы әлі де пеш жағады. Алайда азаматтардың басым бөлігі пешті қолдану кезінде бірқатар ережелерді сақтамайды. Ал ол өрттің шығуына әкелуі мүмкін. Сондықтан облыс тұрғындарынан қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды сұраймыз.


Жалпы жыл басынан облыс аумағында 108 өрт тіркелген. Өрттен 10 адам қаза тапты.