Мәдениет Қалиев Полудино ауылдық округінде 20 жылдан артық ауыл әкімі болып еңбек етіп келеді. Тәжірибесі мол маман өзіне сенім артқан тұрғындардың үдесінен шығып жүр. Өзіне сеніп тапсырылған елді мекендерді көркейтіп, ондағы тұрғындардың жағдайын жақсарту үшін күш-жігерін аяған емес.


Мәдениет Қалиев – еңбек адамы. Ол ауыл мәселелерін шешуге дайын, көп жылдан бері онымен айналысып келеді де. Әр маусымда ауылдың өзіне тән проблемалары бар, мәселен қыста жолдарды қардан аршу, елді мекеннен қарды шығару керек болса, көктемде еріген қар суын бақылауда ұстап, тұрғын үйлерге кіруіне жол бермеу.


МӘДЕНИЕТ ҚАЛИЕВ, ПОЛУДИНО АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:

- «Өздеріңіз білетіндей қазір көктем уақыты тасқынға қарсы шаралар қолдануда, үйткені әр жылдың өзінің айырмашылықтары бар. Мысалы, 16,17 жылдары өте көп су келіп көп елді мекендерді су басты. Ал енді қазіргі екі , үш жылдың арасында бұрынғы 


Ауылдық жерде мәселе көп. Бұл жолдар, тұрмыстық қалдықтар полигоны, жарықтандыру және т.б. Ауданда 1000-нан астам адам бар, барлығына көңіл бөлу керек. Өз жұмысыма баға беру қиын, тұрғындардың пікірі ең дұрыс баға, дейді Мәденият Қалиев.


АЛЛА ЛОГВИНОВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

-  Соңғы жылдары көп жұмыс істелді. Асфальт төселді, көшеге жарық берді, көптеген үйлерде су бар. Әкім мәселеге бейжай қарамайды, қолдан келгенше істеп жатыр.


 Мәдениет Қалиевтің мамандығы - зооинженер. Жамбыл ауданының тумасы. Полудино ауылына жұмыс бабымен келген. Әкім болып тағайындалғаннан кейін халыққа, ауыл тұрғындарына өзінің 23 жылын арнады.


МӘДЕНИЕТ ҚАЛИЕВ, ПОЛУДИНО АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:

-  Бұл Полудино елді мекені менің туған ауылымдай болып кетті. Жұмыс істеуге келіп, қалып қойдым. Уақыт көзді ашып жұмғанша тез өте шықты.


Болашақ бүгіннен басталады. Жалпы ауылдың көркеюі, дамуы әр тұрғынға байланысты. Әкім де өз округінің тұрғындарын бірлесе әркет етуге шақырады.