Есірткі заттарын жеткізу арналарының жолын кесу-есірткі бизнесімен күресудің маңызды аспектілерінің бірі. Солтүстік Қазақстан және елордалық полицейлердің бірлескен операциясының нәтижесі туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі дайындаған материалдан біле аласыздар.


Облыс полицейлері есірткі арнасының жолын кесуге арналған кезекті операцияны өткізді. Бұл жолы Петропавл қаласының 40 жастағы тұрғыны есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдерінің назарына іліккен. Ол СҚО прокуратурасының үйлестіруімен Астана қаласы полиция қызметкерлерінің көмегімен ұсталды. ер адамда ұсталған кезде Сөмкесінде кристалл тәрізді заттың екі пакеті болды.


- В полимерном пакете зиплок имеется комкообразное вещество розоватого цвета. Видим, да? Что за вещество? — Не разбираюсь. — Не разбираетесь, да?


 Сараптама көрсеткендей, бұл жалпы салмағы 199,35 грамм болатын α-PvP синтетикалық препараты болып шықты, бұл өте үлкен көлемге жатады.

Ұсталған адам есірткі партиясын Астанадан жеткізді деп күдіктелуде. Сонымен қатар, операцияны елордалық полицейлер де жүргізді.


 РУСЛАН НАЗАРОВ, СҚО ПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Биыл қаңтар айында полиция департаменті қызметкерлері Астана қаласынан Петропавлға синтетикалық есірткі заттарын жеткізуді ұйымдастырған 40 жастағы адамды ұстады. Тергеу және жеке тінту кезінде кристалл тәрізді заты бар екі пакет алынды. Осы факті сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сараланды, яғни «есірткі заттарын аса ірі көлемде өткізу мақсатында заңсыз сақтау»


Осылайша, бірлескен операция барысында барлығы бір килограммнан астам "тұз" тәркіленді. Санкция 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. Күдікті қамауға алынды.