Жаңадан қабылданған мемлекеттік қызметшілерге ант беру рәсімі өтті. Ант қабылдау жас мамандарға қызметтің мол жауапкершілігін түсіндіруге бағытталған. Бұл күні мемлекеттік қызметке енді келгендер адал ,ел игілігі жолында аянбай еңбек етуге уәде берді.


 Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет. Бүгінгі Сабит Мұқанов атындағы облыстық кітапханада өтіп отырған салатанатты іс-шарада мемлекеттік қызметке жаңа келген мамандар көпшіліктің алдында жүктелген міндетті мінсіз атқаруға ант берді.


 АРАЙЛЫМ ДАНИЯРОВА, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНДЫҚ ТҮКШ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:

- « Мен үшін бүгінгі жағдайда ант беруі өте үлкен мәртебе боп саналады. Мемлекеттік қызмет үлкен кәсіби көз-қарасаты қажет ететін өте жауапты жұмыс. Қазір біз тек негіздерімен ғана танысып, соларды үйреніп жатырмыз ал 1 жылдан кейін өзімізге жүктелген барлық міндеттерді адал атқарамыз


Ант қабылдау іс-шарасына осы салада ұзақ жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан ардагерлер де қатысты. Олар жастарға қиын да, жауапкершілігі мол қызметтеріне сәттілік тіледі.


ЖАНГЕЛДІ ТӘЖИН, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

- «Петропал қаласының бір топ ардагері мемлекеттік жас қызметкерлердің ант беру рәсіміне құатысып отырмыз.Аға ұрпақ өкілдері жас қызметкерлерлің қандай екендігін, олардың ант бергенде өзіміздің батамызды беріп , өзіміздің ақылымызды айтуға жиналып отырмыз. Жаңа қазақстанның , жаңа саясатына сәйкес жас мемлекеттік қызметкерлердің қандай бағытта қызмет жасайтындары қандай адам болатындығы бізге өте маңызды»


Мемлекеттік қызметші алдына келген адамды ілтипатпен қабылдауы тиіс, қашанда өз ісін адал және мінсіз атқарылуы керек, себебі елдің ертеңі білім менен біліктілігі үйлескен мемлекеттік қызметшілердң қолында.