М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде "Мен – жас сайлаушымын" атты викториналық сайыс өтті. Іс-шара 19 наурыз күні өтетін Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлауға орай ұйымдастырылған. Жастар ойын барысында саяси білімдерін жетілдіріп, көптеген мағлұмат алды.


 18 жасқа толған әр азамат сайлауға қатыса алады. Бұл жастардың өз болашағына ықпал етеді. Осыған орай университетте викториналық сайыс өткізіліп отыр.


ЕКАТЕРИНА БРЫЗГАЛОВА, М. ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚУ КАФЕДРА МЕҢГЕРУШІСІ:

 – Викториналық сайысымыз кездейсоқ өткізіліп отырған жоқ. Өйткені 2023 жылдың 19 наурызында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын кезектен тыс сайлауы өтеді. Бүгінгі өтіп отырған сайысымыз да соған тікелей қатысты.


 Викторинаға қатысушылар саяси науқанға қатысты білімдерін шыңдады.


 АРСЕНИЙ САМЫКИН, СТУДЕНТ:

 – Бүгін біз «Мен жас сайлаушымын» атты викториналық сайысқа қатысып отырмыз .Оның аясында бізге сайлау жайында толық ақпарат айтылды.


ВАЛЕРИЯ БОНДАРЕНКО, СТУДЕНТ:

 – Бұл іс-шарада мен дауыс беру құқығының қаншалықты маңызды екенін толық түсіндім,сонымен қатар бізге яғни студенттер үшін сайлау не үшін қажет екені айтылды.


Викториналық сайыста үш топтан құралған "еркін сайлаушылар", "Болашақты таңдау" және "Анонимді сайлаушылар" командалары өзекті мәселеледі қозғап пікір алмасты.