Мағжан Жұмабаев қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, 100 жылда бір туатын ақын.Өзінің жалынды, оттай ыстық жырларымен талай қазақтың жүрегін жылыта білген Алаш қайраткері. Ақиық ақынның 130 жылдық мерейтойына арналған іс-шарада шоқ жырлары оқылып, оқушылар арасында «Мағжанның маржан жырлары» атты сайыс өтті. Облыстық Мағжан оқуларына өңірдің түкпір-түкпірінен 72 оқушы қатысты. Әріптесім Майгүл Сейілбек баяндасын.


 Облыстың түкпір-түкпірінен жиналған мына балалар бүгін сүйікті ақындарының өлеңін оқып жарыспақ. Мағжан оқуларына алғашында 300 бала қатысуға ниет білдірген. Аудандық кезеңнен облыстық кезеңге 72 ұл-қыз жолдама алды. Қатысушылардың барлығына қойылған басты талап, ұйымдастырушылар тізімде көресткен 30 жырды жатқа айтып беру. Кейін сахна төріне шыққан балалар қоржын ішінен 30 асықтың бірін таңдап, соның ар жағында жасырынған өлеңді жатқа айтады.


ЖАРҚЫН ЖҰПАРХАН, ОБЛЫСТЫҚ ХАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

-  Біздің ұйымдастырудағы басты мақсатымыз Мағжанның өлмейтін өлеңдерін жастардың бойына сіңіру. Сол арқылы рухани бай адамдардың ортасын қалыптастыру. Жыр жаттаған балалар жаман болмайды. Бұл байқау келесі жылыда жалғасады. Бірақ шарты өзгеруі мүмкін.


Мағжан оқуларына 5-ТЕН 11-ші сыныпҚА дейінгі оқушылар қатысты. Солардың бірі Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясының 5-ші сынып оқушысы Ақниет Душанбе. Оқушы байқауға 2 ай бойы дайындалған. Бұған дейін тізімде көрсетілген 10 өлеңді жатқа білген. Дегенмен, сөз зергерінің «Толқын» атты шығармасын жаттау біраз қиынға соқты дейді Ақниет Душанбе.


АҚНИЕТ ДУШАНБЕ, МАҒЖАН ОҚУЛАРЫНА ҚАТЫСУШЫ:

-  Қиын болды жаттауға. Екі ай жаттадым. Анам көмектесіп, сұрады менен. Басында бастағанда «Толқын» болды. Қазір «Түркістан» кішкене. Себебі терең ойлар айтылып тұр. Сол үшін кішкене ауыр болды. Қобалжып тұрдым кішкене бірақ сендім өзіме айта аламын деп.


 Ал, Санжар Нұғыман Мағжан Жұмабаев атындағы айти-лицейдің 5-ші сыныбында білім алады. Санжар болса 4 ай бойы ұлы атамыздың жырларын жаттап, нақышына келтіріп оқып, байқауға дайындалған. Оқушының сөзінше ол да ақынның «Өлең» және «Толқын» деген шығармаларын жаттау кезінде біраз қиыналған.


САНЖАР НҰҒЫМАН, МАҒЖАН ОҚУЛАРЫНА ҚАТЫСУШЫ:

-  Себебі олардың орны ерекше. Мәселен кей өлеңдерде 4 тармақ болса бұларды 5 тармақ бар. Менің сүйікті өлеңім Сағындым. Сееббі сол кезде Мағжан Жұмабаев абақтыда отырған сезімі беріледі.  Оның қазақ поэзиясындағы орны ерекше.


 Байқау соңында үздік 15 бала ақшалай және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Қалған қатысушыларға алғыс хаттар табыс етілді. Жалпы, сәуір айында Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орай Петропавлда халықаралық айтыс та өтпек.



Майгүл Сейілбек