Корпоративтік еріктілер мен түрлі ұйымдардың қызметкерлері Облыстық қан орталығына қан тапсыру үшін жиі келіп тұрады. Бұл жолы Оңтүстік Орал темір жолы Петропавл бөлімшесінің өкілдері акцияға қатысты. Теміржолшылар қан тапсыруды дәстүрге айналдырған.


Облыстық қан орталығы мен Петропавл темір жол бөлімшесі арасындағы тығыз байланыс 2019 жылы орнаған. Әр 2 ай сайын теміржолшылар өз еріктерімен оталыққа келіп, қан тапсырады.


 КИРИЛЛ ФИЛОНОВ,"РЖД" ЖШҚ ПЕТРОПАВЛ БӨЛІМШЕСІНІҢ ЖЕТЕКШІ ИНЖЕНЕРІ:

 - Бүгін 7 адам келдік. Биылдыққа алғаш қан тапсыруымыз. Жалпы, арамызда бұл игі іске үлесін қосып жүргендер көп. Осылайша қанға мұқтаж адамдарға өз көмегімізді көрсетеміз.


Медицинада қан тапсырған адамның қан жасушалары жаңарып, ағзасы тазаратыны дәлелденген. Ең бастысы қан тапсыру арқылы мұқтаж жанның өмірін сақтап қаласыз.


 МАКСИМ ФЕДОРЕНКО,"РЖД" ЖШҚ ПЕТРОПАВЛ БӨЛІМШЕСІНІҢ ВАГОН ЖӨНДЕУШІСІ:

 - Мен 2015 жылдан бастап қан тапсырып келемін.Менің ойымша, бұл өте маңызды іс-шара,қан тапсыру арқылы жарақаттанған немесе ота кезінде қан жоғалтқан сырқаттарға көмектесеміз.


Айта кеткен жөн, акцияға мемлекеттік құрылымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері де қатысып тұрады. Өз еркімен келіп қан тапсыратын қала тұрғындарының да артып келеді. Бұл өңірдегі медициналық мекемелерді қажетті қанмен қамтуда үлкен көмек.