Негізгі Жаңалықтар Оқушылар сарайындағы үйірмелерге 3 мыңға жуық бала қатысады

Оқушылар сарайындағы үйірмелерге 3 мыңға жуық бала қатысады

Оқушылар сарайы – балаларға қосымша білім беретін бірегей алаң. Мұнда 11 бағыт бойынша 80-нен астам үйірме жұмыс істейді. Биылғы жаңа оқу жылында Оқушылар сарайындағы үйірмелерге 2500-ден астам бала қатыса бастады.

Биология үйірмесінде оқушылар өсімдіктер мен жануарлар әлемімен танысып, түрлі зерттеулер жүргізіп, өз жобаларын әзірлейді. Мұнда балалар тек теориямен танысып қана қоймай, бақылау жасап, зерттеу жүргізуді және өздігінен жауап табуды үйренеді.

СНХР: АЛЕКСАНДРА ДОЛГОПОЛОВА, ОҚУШЫ

Математика – логикалық ойлау қабілетін, зейін мен есте сақтау қабілетін дамытып, стандарттан тыс шешімдер табуға мүмкіндік береді. Бұл бағыттағы сабақтар оқушыларға математикалық заңдылықтарды тереңірек түсінуге және пәнді қызықты әрі тартымды түрде меңгеруге көмектеседі.

СНХР: ОКСАНА КАБАКОВА, ОҚУШЫЛАР САРАЙЫНЫҢ ОҚЫТУШЫСЫ

Қазіргі таңда оқушыларды дәстүрлі пәндер ғана қызықтырмайды. Жастардың заманауи және цифрлық бағыттарға қызығушылығы артып келеді. Солардың бірі – графикалық дизайн.

СНХР: АЙНАГҮЛ КӨКІМБАЕВА, ОҚУШЫЛАР САРАЙЫНЫҢ ОҚЫТУШЫСЫ

Кей балалар үшін Оқушылар сарайы – болашақ мамандығына бастар алғашқы қадам болса, енді бірі үшін жаңа қызығушылық табатын орын. Ең бастысы – мұнда әр бала өзіне қызықты бағытты таңдап, қабілетін сынап көре алады.

Бөлісу