Негізгі Жаңалықтар Петропавлға ҚР ПІБ МО ауруханасының білікті дәрігелері келді

Петропавлға ҚР ПІБ МО ауруханасының білікті дәрігелері келді

Петропавловлда Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығы ауруханасының күндері өтіп жатыр. Елордадан арнайы келген білікті хирург, нейрохирург, уролог, гинеколог және Отоларинголог дәрігерлері Солтүстік Қазақстан облыстық көпсалалы ауруханасында шеберлік сабақтарын өткізіп, жергілікті тұрғындарға тегін консультация беріп жатыр.

Екі күнге созылатын іс-шара аясында елордалық мамандар күрделі оталар жасап, жергілікті дәрігерлермен бірге заманауи диагностика мен емдеу әдістерін талқылап жатыр. Сонымен қатар, тұрғындар үшін арнайы консультациялық сағаттар ұйымдастырылған: Брусиловский көшесі, 20 мекенжайы бойынша 15-ші қыркүйекте уролог, хирург және нейрохирург, ал 16-шы қыркүйекте гинеколог пен отоларинголог мамандары сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін науқастарды қабылдайды.

СНХ: АЛЕКСАНДР ЛИ, ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАНЫҢ УРОЛОГИЯ БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ

СНХ: ОЛЖАС ЖӘЙШІБЕКОВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АУРУХАНАСЫНЫҢ УРОЛОГ ДӘРІГЕРІ

Бөлісу