Негізгі Жаңалықтар СҚО полиция басшылары «Мобильді академияда» біліктіліктерін арттыруда

СҚО полиция басшылары «Мобильді академияда» біліктіліктерін арттыруда

СҚО-да полиция басшылары «Мобильді академияда» білім алуда. Солтүстік Қазақстанда аға полиция офицерлерінің біліктілігін арттыру курсы басталды. «Бөлім басшыларының кәсіби құзыреттерін жетілдіру» деп аталатын бұл іс-шара қыркүйектің 15-і мен 18-і аралығында өтеді. Тәртіп сақшыларына дәріс беру үшін өңірге Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының білікті оқытушылары арнайы келген. Жиында заманауи басқару тәсілдері мен заңнамадағы өзгерістер талқылануда. 

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің басқармалары мен бөлімдерінің бастықтары «Мобильді академияда» біліктілігін арттыруда. ҚР Ішкі істер министрлігінің бұл жобасы бірнеше жылдан бері жүзеге асырылып келеді.

Курс «Бөлім басшыларының кәсіби құзыреттерін жетілдіру» деп аталады және 15-18 қыркүйек аралығында өткізіледі. Солтүстікқазақстандық полицияның аға офицерлерімен ҚР ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясының оқытушылары жұмыс істеуде.

СНХР: Нұрсұлу Ибраимова —ҚР ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының құқық қорғау қызметін басқару кафедрасының бастығы 

Курс бағдарламасында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын талдау, құқық қолдану практикасы, заңнамадағы соңғы өзгерістер, жеке құрамды басқару мәселелері, басшылық етудің психологиялық аспектілері және басшылардың тиімді жұмысына қажетті басқа да бағыттар қамтылған.

«Мобильді академия» жобасы басшылық құрамның кәсіби деңгейін арттыруға, ішкі істер органдары қызметкерлерінің заманауи басқару құзыреттерін дамытуға және құқық қорғау қызметтерінің сапасын арттыруға бағытталған.


Бөлісу