Негізгі Жаңалықтар Қор қолдауы – ел игілігіне

Қор қолдауы – ел игілігіне

«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен Солтүстік Қазақстанда бірқатар әлеуметтік жоба жүзеге асып жатыр. Мәдениет үйлері жөнделіп, спорт нысандары бой көтеруде. Мектептердің материалдық-техникалық базасы жаңартылып, балаларды оңалтуға арналған орталықтар құрылуда. Қордың басқарма төрайымы Ләззат Шыңғысбаева өңірге жұмыс сапарымен келіп, Тайынша және Уәлиханов аудандарындағы осы жобалардың барысымен танысты.

Ауылындағы ағайын үшін мәдениет үйі – мәдени іс-шара өтетін ғана емес, елдің басын қосатын орын.Тайынша ауданындағы Теңдік ауылының мәдениет ордасы күрделі жөндеуден кейін қайта ашылды. Ғимараттың шатыры мен ішкі бөлмелері жаңартылып, мәдени іс-шаралар өткізуге қажетті жағдай жасалған. Жаңарған нысанның салтанатты ашылуына «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрайымы Ләззат Шыңғысбаева мен облыс әкімінің аппарат басшысы Руслан Әлішев қатысты.

СНХ:РУСЛАН ӘЛІШЕВ – СҚО ӘКІМІНІҢ АППАРАТ БАСШЫСЫ 

Күрделі жөндеуден өткен мәдениет үйінің ішкі – сыртқы әрлеу жұмыстарына қажетті қаржы бюджет есебінен бөлінген. Ал ғимарат ішіне қажетті құрал жабдықтарды «Қазакстан халқына» қоры қамтамасыз етіпті.

СНХ:ЛӘЗЗАТ ШЫҢҒЫСБАЕВА – «ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАЙЫМЫ

Заман талабына сай жаңарған мәдениет үйінде балаларға арналған ойын бөлмесі, вокал, театар, хореография студиялары мен кітапхана, қол өнер шеберханасы, дзюдо, кұрес үйірмелері мен акт залы жұмыс істемек. – «Тайынша ХАБ» IT орталығы да елордалық мейманның назарынан тыс қалмады. Мұнда ауыл жастары ақпараттық технологияларды меңгеріп, цифрлық сауатын арттырып жүр. Орталықта компьютерлік техникамен жұмыс істеуге, заманауи бағдарламаларды үйренуге мүмкіндік бар. 

Ал Чкалов ауылындағы дәрігерлік амбулатория базасында тірек-қимыл жүйесі бұзылған балаларға арналған оңалту орталығы құрылып жатыр. Жобаға «Қазақстан халқына» қоры бөлген. Қаражат нысанды қажетті талаптарға сай бейімдеуге және балаларға қажетті оңалту жабдықтарын алуға бағытталған. Орталық іске қосылғанда бұл жерде Тайынша ауданына көршілес орналасқан өзге аудан тұрғындары мұндағы мамандардың көмегіне жүгіну мүмкіндігіне ие болады. Яғни баласын оңалту үшін ата-ананың басқа қалаға немесе ауданға сабылуына тура келмейді.

Бұдан соң елордалық мейман сапары Уәлиханов ауданында жалғасты. Онда Ләззат Шыңғысбаева Бидайық ауылындағы «Болашақ арена» жаңа спорт кешенінің ашылу салтанатына қатысты. Бұл жерде ауыл балалары үшін спортпен тұрақты шұғылдануға мүмкіндік бар. Жаңа нысанда түрлі секциялар ұйымдастырылып, бұқаралық спортты дамытуға басымдық берілмек. Ал оның құрылысын толықтай «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры қаржыландырылған. Жоба құны 200 миллоион теңгеден асады. 

Аталмыш қор ауыл мектептеріндегі жағдайды жақсартуға да назар аударып келеді. Осы тұрғыда Ақтүйесай орта мектебінің материалдық-техникалық базасын жаңартуға қаржы ұйымы 25 миллион теңге бөлінген. ол қаражатқа сандық және ғылыми кабинеттерге қажетті заманауи құрал-жабдықтар алынған. Қазір мұндағы оқушылар цифрлық технологияны пайдаланып қана қоймай, ғылыми зерттеулер жүргізіп теорияны тәжірибемен бекітуге мүмкіндік алып отыр. 

Ал №2 Кішкенекөл орта мектебіндегі өзгеріс ауқымды. Мектептің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 250 миллион теңге бағытталған. СТЭМ зертханасында оқушылар ғылыми тәжірибе жасап, зерттеу жұмыстарын жүргізеді. 

Арт-студия шығармашылыққа бейімі бар балалардың қабілетін шыңдауға арналған. «Интеллектум» кабинетінде логикалық ойлау мен зияткерлік қабілетті дамытуға бағытталған сабақтар өтеді. Ал мектепішілік телестудияда оқушылар камера алдында жұмыс істеп, өздері ақпарат дайындайды. Мұнда медиа сауаттылықпен қатар, баланың сөйлеу мәдениеті мен шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік бар.

СНХ: ЛӘЗЗАТ ШЫҢҒЫСБАЕВА – «ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАЙЫМЫ

Бір жерде мәдениет үйі жаңарды.Бір жерде ауыл жастарының цифрлық білім алуына жол ашылды. Денсаулық сақтау саласында балаларды оңалту орталығы құрылып жатыр. Ал мектептерде оқушылардың сапалы білім алуына қажетті жаңа орта қалыптасуда. Бөлінген қаржының нақты нәтижесі де осы.

Бөлісу