Облыстық Сабит Мұқанов атындағы кітапханада батыр, күйші Махамбет Өтемісұлының туғанына 220 жыл толуына орай дөңгелек үстел өтті. Іс-шара жастар мен аға буын өкілдерінің басын біріктірді.


Махамбет Өтемісұлы – қазақтың әйгілі жырауы, қолбасшы, күйші, компазитор, Исатай Тайманов бастаған көтерілістің жалынды жыршысы. Биыл батырдың 220 жылдығы тойлануда.


ЗЫЛИХА БИМАҚАНОВА, М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚУ КАФЕДРАСЫНЫҢ ДОЦЕНТІ:

- «1829-1831 ші жылдары ол абақтыға түскен уақытта «Зынданда» атты өзінің өлеңін жырлаған болатын. Міне сол өлеңінде қазақ даласына, қазақ баласына, қазақ халқының басына түскен ауыр жағдайды суреттей келе , өзінің тар қапаста отырып еліне қол ұшын бере алмай жатқандығын осы «Зындан» атты өлеңінде атап көрсетеді.»


 Іс-шара барысында аға буын өкілдері Махамбет туралы дайындап келГЕН баяндамаларын, жастар ақиық ақынның өлең шумақатарын оқыды.


АРМАН АСХАТ, МЕКТЕП ОҚУШЫСЫ:

- Ол Жәңгір ханның әділетсіздігін байқағаннан кейін қару мен ғана емес ақындық жағынанда қарсылық танытты. Меніңше ол өзінің өлеңдері арқылы сол замандағы әділетсіздікті тоқтата алды деп ойлаймын.


 Қамшының сабындай қысқа өмірінде Махамбет «Мұнар күн», «Ереуіл атқа ер салмай», атты шығармалары арқылы жыраулық поэзияның көркемдік әлемін байытты. Оны Қазақ хандығының соңғы жырауы деп атауға болады.