1 наурыздан бастап Президент жарлығына сай ел көлемінде көктемгі әскерге шақыру науқаны басталады. Бұл шара маусым айының соңына дейін жалғаспақ. Облыс көлемінде 14 шақыру комиссиясы жұмыс істемек.
Оның 12сі аудандық, 1еуі қалалық болса, қалған біреуі облыс көлемінде ұйымдастырылады. Облыстық қорғаныс істер департаментінің жоспары бойынша көктемде өңірдің 600ге жуық азаматы әскерге шақырылады. Олар тиісті медициналық тексерістен өткеннен кейін, конституциялық борышын орындау үшін еліміздің түрлі өңірлеріне жіберілмек.
МАРАТ КӘРІМОВ, СҚО ҚОРҒАНЫС ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- Әскерге шақырылушыларды қорғаныс істері жөніндегі басқарма мен бөлімдер шақыру қағаздарын тапсыру арқылы жүргізедІ.Сондай-ақ соңғы екі жыл ішінде 1414 қызметі арқылы әскерге шақырылушыларға SMS-хабарламаларды, яғни электрондық шақыру қағаздарын тарату біртіндеп енгізілуде.