Биыл ӨҢІР жолдарында күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін облыс қазынасынан 19,7 млрд теңге бөлінді. Осылайша 540 шақырым тас жол ретке келтіріледі. Бұдан бөлек өңір тұрғындарын тасымалдайтын қоғамдық көліктер жаңартылып, халыққа қызмет көрсету сапасы жоғарылайды. Облыстық қоғамдық кеңесте сонымен қатар жол ақысы тарифін көтеру мәселесі де қаралды.


Облыстың автожолдар желісі 8 675 шақырымды құрайды. Оның 1 970 республикалық, 6705 облыстық және аудандық маңызы бар тас жолдар. Бүгінгі күні бұл жолдардың 80%- ы қанағаттанарлық жағдайда. Жалпы, биыл 540 шақырым жолға жөндеу жүргізу жоспарланған. Осылайша 26 елді мекеннің ауыл ішілік жолдарының 60 шақырымы ретке келтірілмек. Сонымен қатар СҚ-да 123 автобус бағыты жұмыс істейді. Өткен жылы облысішілік 43 маршрутты субсидиялауға 802,5 млн теңге бөлінсе, биыл 46 бағытта жүретін қоғамдық көлікк 361 млн теңге бөлінді. Әлі 566 млн теңге қажет.


МАҚСАТ БАЯХМЕТ, СҚО ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

-  Тасымалдаушылар облысішілік бағыттар бойынша өз қаражаты есебінен 13 автобус сатып алды. Бүгінгі таңда 371 ауылдың тұрғындары әлеуметтік маңызы бар тариф бойынша тасымалданады. Алайда, 2017 жылдан бастап тасымалдаушылардың шығындары 2-3 есеге ұлғайды. Дизель отынының бағасы 130 теңгеден 260 теңгеге дейін, жаңар жағар май 150 теңгеге өсті. Осы ретте бир километр үшін тариф құңын 2 теңгеге өсіру тасымалдаушының билеттерді сатудан түскен табысын ұлғайтуға мүмкіндік береді.


Облыстың тас жолдарында жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қажетті материалдар мен арнайы техника әзірленуде. Бүгінгі күні Ресейден 100 мың тонна битум жеткізуге рұқсат етілді. Сонымен қатар, 2023-2024-ші жылдарға автожолдарды күтіп,ұстауға 1 млдр теңге көлемінде қаржы бөлінді. Бұдан бөлек қоғамдық кеңес отырысында қалаішілік қоғамдық көліктердегі жол ақысын өсіру мәселесі де қарастырылды. Қала әкімінің орынбасары Әділбек Әубәкіровтың сөзінше жол құңы қашан және қаншаға өсетіні әлі белгісіз.


ӘДІЛБЕК ӘУБӘКІРОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Соңғы рет жол ақысы 2017-ші жылдың наурызында көтерілді. Осы жылдар аралығында жаңар-жағар май мен дизель отынының бағасы айтарлықтай қымбаттады. Сонымен қатар тасымаладушылар автобустарды тиісті түрде күтіп ұстаулары үшін өз қалталарынан қаржы бөледі. Осыларды ескере отыра тарифті өсіру қажет. Қазіргі таңда барлық құжаттар жиналып, есептеулер жүргізіліп жатыр.


Бұдан бөлек отырыс барысында тас жолдарда жүргізілетін жөндеу жұмыстарының сапасы және шекарашыларға тиісті жағдай жасау мәселесі де қарастырылды.



Майгүл Сейілбек