Былтыр өңір ауыл шаруашылығы саласындағы өсу қарқыны бойынша республикада 4-орынға шықты. Ал нақты көлем индексі 112,2% құраған. Бұл туралы статистика департаментінің мамандары бақ өкілдеріне брифингте баяндап берді.
2022 жылдың қортындысы бойынша нақты көлем индексінің өсуі Ақжар және М. Жұмабаев аудандарында ғана байқалмаған. Сонымен қатар өңір республиканың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде үлкен рөл атқарып отыр, елімізде өсірілетін астықтың 20 %-ын облыс аграрийлерінің еңбегі.
МАРАЛ НҰРЖАУЫПОВА, ҚР ҰЛТТЫҚ СТАТИСТИКАСЫ БЮРОСЫНЫҢ СҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Облыс майлы дақылдар тұқымын өндіруден елімізде алдынғы қатарда келеді. Ал көкөніс көлемі былтыр біршама азайған. Сондай-ақ өңірмізде өсімдік шаруашылығымен қатар мал шаруашылығы да дамып келеді. Өткен жылдың 12 айында сүт өндірісі 2% - ға, ал жұмыртқа өндірісі 27%-ға артқан.
МАРАЛ НҰРЖАУЫПОВА, ҚР ҰЛТТЫҚ СТАТИСТИКАСЫ БЮРОСЫНЫҢ СҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Өңірдегі ірі қара малдың 55,3 %-ын тұрғындар өсіріп жатыр. Ал шаруашылықтарда ірі қара малдың жалпы мал саны 27 %-ға ұлғайған.