Өңірде қазіргі таңда жол саласынынДА кадр тапшылығы қатты байқалады.Әсіресе құрылыс инженерлері,асфальт-бетон төсеушілер білікті механизаторлар аса қажет. Осыған орай «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» білім ордаларының түлектеріне ашық есік күнін ұйымдастырды. Оқушыларға жол саласы мамандарының атқаратын қызметі көрсетілді.


Жол саласындағы маман тапшылығы жол салу кезінде сапаға тікелей әсер ететіні сөзсіз. Бүгінгі күні жол-құрылыс саласына білікті мамандар өте қажет.Мәселені шешу жолында 2020 жылдан бері елімізде 1000 мектеп бағдарламасы жүзеге асырылып келеді.Жоба аясында жоғары сынып оқушылары арасында тұрақты кездесулер өткізіліп тұрады.


ЖОЛДЫБАЙ ТЕНТЕКОВ, «ЖОЛ АКТИВТЕРІ ҰЛТТЫҚ САПА ОРТАЛЫҒЫ» СҚО ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Біздің сапа орталығымыз кәдімгі мынау жол саласында жұмыс жасаймыз.Қазіргі таңда бізде кадр деген жетпей жатыр.Былай айтқанда 2020 жылдан бастап осы мынау профориентация деген жұмыс жасап жатырмыз содан кейін біз 1000 мектепті өзімізге шақырып осылай зум арқылыда профориентация жұмысын жасаймыз.


Еліміз бойынша жол саласының мамандарын дайындайтын негізгі жоғары оқу орындары Астана, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан. Қазір бірқатар аймақта кадр жетіспеушілігі бар. Мәселені шешу үшін жол активтерінің ұлттық сапа орталығы колледж және жоғары оқу орындарының студенттерін шақыртып арнайы тәжіриебеден де өткізген. Орталық әр студентке 80 мың теңге көлемінде жалақы төлеген. Алайда бұл - мәселені шешуге жеткіліксіз болып отыр.


ЕРКЕН ӘБІЛМӘЖІНОВ, БӨЛІМ ИНЖЕНЕРІ:

 - Егер маманның тәжірибесі болмаса, біз оны төленетін тәжірибеге қабылдап, жұмыстың барысын түгелдей көрсетеміз. Мұны ол оқуын оқып жүріп, үйрене алады. Бұл саланың болашағы зор. Алда үлкен жұмыс күтіп тұр.


 Кездесу соңында мектеп түлектері жолшылардың жұмысымен танысып, зертханада болды.