Петропавлда «Lesson study: тиімді іс-тәжірибеден жетістік критерийлеріне» атты семинар-тренинг өтуде. Іс-шараға облыстың 100-ге тарта мұғалімі қатысқан. Семинар-тренинг барысында ұстаздар қауымы «Лессон стади» құралын өз сабақтарында қалай қолданатынын айтып, балаларды оқыту кезінде пайдаланатын жаңа әдіс-тәсілдермен бөлісті.


«Сабақты зерттеу» деген ұғым беретін жаңа тәсіл елімізге Жапониядан келген. «Лессон стади» сабақты жоспарлаудың тиімді әдісі болып табылады. Оның басты мақсаты - оқу үдерісінде жаңа әдіс-тәсілдер қолдану жолдары мен түрлері туралы түсінік бере отырып, әріптестермен кеңесу, өзара ой бөлісу және тәжірибе алмасу. Бескөл ауылындағы «Парасат» мектеп-лицейінің мұғалімі Шарида Омарова аталмыш әдісті өз сабақтарында 2015-2016-шы жылдан бері қолданып келеді. Білім саласында 33 жылдық еңбек өтілі бар білікті маманның сөзінше аталмыш тәсіл тәжірибе барысында өте тиімді.


ШАРИДА ОМАРОВА, «ПАРАСАТ» МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ МҰҒАЛІМІ:

- Сыныпты зерттей отырып, қандай мәселе...3 пән мұғалімі бірлесе жұмыс істейді. Сабақты бірлесе құрып, зерттеуге кірісеміз, А, Б.С оқушылары таңдалады. 3 циклде өтеді. Жылына өтеді. Есеп жазамыз. Тиімділігі қанадй екенін анықтаймыз. Мұғалімнің тәжірибесін арттыруға өте тиімді деп ойламын.Мұғалімінң құзыреттілігі артады.


«Лессон стадиге» сабақты бірлесе жоспарлап, өткізетін, қадағалайтын, оқыту мен оқуды талдай отырып, өз қорытындыларын қағаз бетіне түсіретін мұғалімдер тобы қатысады. 3 циклден құралған әдістемені қолданған кезде мұғалімдер оқыту тәжірибесіне жаңа әдістер енгізеді немесе оны жетілдіріп, өз әріптестерімен бөліседі.


ДУМАН ЗАКИРИН, СҚО БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫС ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӘДІСКЕРІ:

-  Негізгі тақырып – «Лессон стади»-дің іс-тәжірибесімен бөлісу. 1 күндік тренинг өткізіп жатырмыз. Басты мақсаты осы жүйемен жұмыс жасап жатқан мұғалімдердің басын біріктіріп, тәжірибесімен бөлісу, әр ауданнан келіп отыр 100 шақты мұғалім команда болып.


Семинар-тренинг барысында ұстаздар қауымы теориялық және тәжірибелік тапсырмаларды орындады. Бұл жерде алған жаңа білімдерін мамандар өз әріптестеріне де жеткізулері тиіс.



Майгүл Сейілбек