Облыс аумағында қаңтардың 14-і мен ақпанның 14-і аралығында «Өрт қауіпсіздігі» айлығы өтіп жатыр. Оның аясында өңірдің өрт сөндірушілері аулаларды аралап, тұрғындарға қарапайым қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, жадынамалар таратуда. Негізгі екпін орталық газбен қамтамасыз етілмеген үйлерге қойылған. Әріптесімнің сюжетіне назар аударайық.


 Облыс ортатылығында 23 көпқабатты тұрғын үй бар. Көппәтерлі баспаналар әлі күнге дейін орталықтандырылған газ жүйесіне қосылмаған. Сол себепті өңірдің өрт сөндірушілері осы үйлерді ерекше назарда ұстайды. Себебі газ баллондарын пайдалану төтенше жағдайға әкеп соғуы мүмкін. Рейд жұмыстарын ТЖ мамандары әкімдікпен бірлесе отырып жүргізеді.


ЖАНАЙДАР СҰЛТАНОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ ӘДІСКЕРІ:

- Көпқабатты үйлерде, екі қабаттан жоғары тұрғын үйлерде газ баллонын қолдануға болмайды. Өйткені ол 1-ші санаттағы жоғарғы қауіпсіздікке жатады. Және оны қолданған жағдайда үй иесіне 7 АЕК көлемінде айыппұл саламыз. Ол бірінші кезеңде. Ал екінші кезеңде тағы қайталанатын жағдайда 10 АЕК көлемінде айыппұл саламыз.


Өрт сөндірушілердің айтуына қарағанда, бұл жұмыстар «Өрт қауіпсіздігі» айлығы аяқталғаннан кейін де жалғасын табады.