ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері, дирижер хормейстер Юрий Колчинге биыл 80 жыл толмақ. Даңқты дирижер жасына қарамастан әлі күнге дейін облыс жұртшылығын классикалық музыка өнерімен қуантып келеді. Бүгінде кейіпкеріміз жетекшілік ететін камералық хор жаңа бағдарламалық концертіне дайындығын бастаған. Әріптесім әзірлеген бейнематериалға назар аударайық.


 ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері, дирижер, хормейстер Юрий Колчинге

Оркестр дирижерінің сахнада атқаратын рөлі үлкен. Жақсы дирижер команда мүшелерінің бір-бірін жақсы түсініп,әрі сахнада тамаша ойнай алуына әсер етеді. Юрий Колчин өз ісінің майталманы, өйткені оның оркестрі сахнада керемет өнер көрсетіп келуші қауымға ұмытылмас музыка сыйлайды.


ЮРИЙ КОЛЧИН, ХОРМЕЙСТЕР:

-  Ұжым-бұл дирижердің құралы, егер ол жоқ болса, онда дирижер қажеті де шамалы.Дирижерге сәйкес келетін барлық талаптарға сай болу үшін ұжымның дайындығы тамаша болуы керек.Мен өз хорымды жақсы көремін, олардың әрқайсысының мен үшін орны бөлек.


Камералық хордың әртістері өздерінің хормейстерін қатты бағалайды.Еңбекқорлық пен талапшылдық әрқашан оның жаңа идеяларын үлкен концерттерде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.Юрий Викторович хромейстер ретінде де, адамдық болмысы жағынан да қайталанбас тұлға дейді хор әртістері.


 ВЛАДИМИР ЛОПУХОВ, КАМЕРАЛЫҚ ХОРДЫҢ ӘРТІСІ:

- Дирижер ретіндегі дағдыларын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Соңғы жылдары Юрий Викторовичтің режиссерлік қырлары ашылуда, ол әлі де өсіп келеді. Жасы 80-ге таяп қалса да жаңа нәрселерді жасауға тырысады.


НАТАЛЬЯ КОГДИНА, КАМЕРАЛЫҚ ХОРДЫҢ ӘРТІСІ:

- Ол өз ісінің кәсіби маманы. Біз дайындық барысында ерекше қойылымдар жасаймыз.Юрий Викторовичтен үйренеріміз көп.


Осы уақытқа дейін камералық хордың орындауында театрландырылған қойылымдар мен опералар болды.Юрий Колчиннің осы мерейтойлық жылға деген жоспары ауқымды.