«Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы облыста 10 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді. Олардың азық-түлік қорына әлеуметтік маңызы бар 19 тауардың 15-і кіреді. Бүгінде аталған өнімдер облыс орталығының 7 сауда орнында сатылып жатыр.


Бүгін «Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы облыстық ардагерлер кеңесінің бастамасымен атқарып жатқан жұмысы туралы айтып берді. Корпорацияның міндеті – азық-түлік бағасын бір қалыпта ұстауға жағдай жасау. Бүгінде тұрақтандыру қорына қажет өнімді сатып алуға бюджеттен 3,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл ақшаға 15 мың тоннаға жуық өнім сатып алынды.


ГАМАЛИ ЖҰМАШОВ, "СОЛТҮСТІК" ӘЛЕУМЕТТІК-КӘСІПКЕРЛІК КОРПОРАЦИЯСЫ" АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Біз көкөністерді күзде төмен бағамен сатып аламыз. Олардың ішінде картоп, сәбіз және қырыққабат бар. Көкеністер мамандандырылған арнайы қоймаларда сақталады. Жыл бойы бұл өнімдер қала дүкендерінде сатылады. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы расымен бағаны бір қалыпта ұстап тұруға көмектеседі. Себебі, бізде тауар әрқашан қол жетімді бағамен сауда желілеріне жөнелтіледі.