Мемлекет басшысы Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Конго президенті Феликс Чисекедиді І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.
Бұл – қазақ елінің сізге деген ерекше құрметі және шынайы ризашылығы, халқыңызға көрсеткен ыстық ықыласы деді, - Президент конголық әріптесіне. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Конго Демократиялық Республикасы арасындағы қарым-қатынастардың қарқын алып жатқанын айтып, бүгін екі ел жылнамасындағы тарихи күн екеніне тоқталды. Келіссөздер барысында екіжақты сауданы дамыту, көлік-логистика, тау-кен, ауыл шаруашылығы және ақпараттық технологиялар, цифрландыру салаларындағы ықпалдастық мәселелеріне баса мән берілді. Келіссөз қорытындысы бойынша тараптар Бірлескен мәлімдеме қабылдады. Бұдан бөлек дипломатиялық консультацияға, тау-кен және геология саласындағы ынтымақтастыққа қатысты ведомствоаралық құжаттарға қол қойылды.