Отбасы күніне орай өңірімізде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі «Отан отбасынан басталады» байқауын қорытындылады. Оған 20 - дан астам үйелмен қатысқан, соның ішінде үздік деп танылған алты жүлдегер іс-шарада арнайы марапатқа ие болды.

СНХ:РЕЗЕДА БАЙМУХАМЕТОВА - РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ


Байқау барысында, құттықтау сөздері мен жылы лебіздер айтылып, балалар жүрекжарды өлең шумақтарын оқыды. Байқау нәтижесінде түрлі аталымдар бойынша жеңімпаздар анықталып, арнайы гүл шоқтарымен және дипломдармен марапатталды.

СНХ:СӘУЛЕ АМАНЖОЛОВА – «КҮМІС КЕРЕГЕ» АТАЛЫМЫНЫҢ ИЕГЕРІ


Бұдан бөлек, Есіл ауданынан Ахметжановтар және Қызылжар ауданынан Сұлтановтар жанұясы «Азамат тәрбиелеген отбасы» атанды. Байқау ұйымдастырушылары отанымыздағы тәрбие отбасынан басталатынын атап өтті:

СНХ:РЕЗЕДА БАЙМУХАМЕТОВА - РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ

 

Отбасы күніне орай өткен бұл байқаудың басты мақсаты – отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасының адам өміріндегі орнын үлгілі үйелмендер арқылы дәріптеу болды.