Негізгі Жаңалықтар Кәсіпкерлерге арналған салық режимдері

Кәсіпкерлерге арналған салық режимдері

Жаңа Салық кодексі кәсіпкерлер мен салық органдарының жұмысын жеңілдетіп, салық түсімдерін арттыруға және Қазақстандағы көлеңкелі бизнесті азайтуға ықпал етеді.

Бұған дейін елімізде 7 түрлі салық режимі қолданылып келген. Ал 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап кәсіпкерлерге үш арнайы салық режимінің бірін таңдау мүмкіндігі беріледі. Атап айтқанда өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар үшін жеңілдетілген режим, жеңілдетілген декларацияға негізделген арнайы салық режимі, сондай-ақ шаруа және ферма қожалықтарына арналған арнайы режим. Айта кетерлігі, жаңа Салық Кодексінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін бұрынғы барлық салықтық жеңілдіктер сақталып отыр.

СНХ:СҰҢҒАТ ҚОСПАЕВ, СҚО БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ



Бөлісу

Аймақтық телеарналар