Тайынша ауданында 300-ден астам ауыл шаруашылығы субъектісі жұмыс істейді. Мұнда ірі қара және ұсақ мал шаруашылығы қатар дамып келеді. Тауарлы сүт фермалар мен жеке қосалқы шаруашылықтар да бар.
Ясная Поляна ауылындағы ірі тауарлы сүт фермада 3 мыңға жуық ірі қара мал өсіріледі. Жыл сайын шамамен 1000 бас төл алынып, тұрақты түрде көбеюде.
СНХ:ДАНИЛА ЛИСТУНОВ, ТАУАРЛЫ СҮТ ФЕРМАСЫНЫҢ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БОЙЫНША БАСҚАРУШЫ
Күніне бір сиырдан орта есеппен 29 литр сүт сауылады. Заманауи сауу қондырғысының арқасында 5 сағат ішінде 1000-нан астам сиырды саууға мүмкіндік бар. Шаруашылықтан тәулігіне 32 тоннадан астам сүт өңдеу кәсіпорындарына жөнелтіледі. Тайынша ауданында бұдан бөлек қой шаруашылығы да жақсы қарқын алған.
СНХ:САПАРХАН ДАНИЯРОВ, ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ БАСҚАРУШЫСЫ