Тайынша ауданында жергілікті тұрғындардың әлеуметтік жауапкершілігі жақсы дамыған. Ауыл тұрғындары «берер» деп күтпей, өздері әрекет етеді. Бірлесіп маңызды нысандар салып, бос уақыттарын бірге өткізеді.
Тайынша ауданы ауыл атауларының әсемдігімен ерекшеленеді. Солардың бірі – Зеленый гай. Мұнда бір үйдің баласындай тату 1500 адам тұрады, олардың 162-сі – зейнеткерлер. Жасы келгенмен, белсенді. Қариялар қол қусырып отырмайды.
СНХ:РОЗА БОДАЕВА АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ
Мәдениет үйінде вокал-хор ансамбльдері жұмыс істейді. Мерекелер кең ауқымда өтеді. Жергілікті кәсіпкердің қаражаты есебінен мешіт құрылысы жүргізілуде.
СНХ:ИЛЬЯ СУХОДОЛЬСКИЙ ПРОРАБ
Жыл сайын елді мекеннің инфрақұрылымы дамып келеді. Ауыл тұрғындары туған жерін көркейтуге атсалысып, белсенді өмірлік ұстанымдарын көрсетіп жүр.