Жаңа оқу жылында М. Қозыбаев атындағы СҚУ-ға әдеттегідей АҚШ-тағы Аризона университетінен оқтыушылар келді. Америкалық профессорлар алдағы 2 ай бойы студенттерге оффлайн форматта сабақ береді. Бұл халықаралық тәжірибе алмасуға және білім сапасын арттыруға бағытталған бірлескен жоба.

Биыл жоғары оқу орны қосдипломды бағдарламаға 130-ға жуық студент қабылдаған. Жалпы, бұл бастама аясында бүгінде барлығы 345 жас білім алып жатыр.

СНХ:ӘСЕТ ЖӘНІСОВ, М. ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚУ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КАМПУСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ


Қосдипломды бағдарлама 2022 жылдан бастап іске асырылып келеді. АҚШ-тан келген профессорлар «биотехнология», «ІТ» саласы бойынша және «арнайы білім беру» бағыты бойынша оқытады. Қоса кетейік, осы семестрде университетте студенттерге Аризоналық 18 оқытушы сабақ береді.

СНХ:ДАЙАНА ДЭЙЛИ, АРИЗОНА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ АҚПАРАТТЫҚ ҒЫЛЫМДАР КОЛЛЕДЖІ ДЕКАНЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ


2-курс студенті Мадияр Сейілхан ІТ саласы бойынша білім алып жатыр. Заманауи технологияларды меңгеріп, болашақта цифрлық трансформацияға үлес қосуды мақсат етеді.

СНХ:МАДИЯР СЕЙІЛХАН, СТУДЕНТ


Айта кетейік,қазіргі таңда Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің 29 студенті АҚШ-та білім алып жатыр. Аризона университетімен бірлесе қолға алынған қос дипломды бағдарлама аясында оқитын 4-ші курстың қыз-жігіттері жарты жылдай Тусон қаласында оқиды.